Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысына» қатыспайтын болды

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысы» байқауына қатысудан бас тартты. Бұл туралы әншінің PR-менеджері әрі жақын досы Алпамыс Шәрімов айтып берді.

Dimash Kudaibergen-090217

Есте болса, бұған дейін БАҚ-та Димаштың американдық «The Voice» және «Евровидение» байқауларына қатысатыны жайлы ақпарат пайда болған еді. Бұл туралы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Айман Мұсақожаева айтқан. Шәрімов расымен де американдық байқауды ұйымдастырушылардан шақырту түскенін, алайда Димаштың одан бас тартқанын мәлімдеді. Алайда «Евровидение» байқауына қатысуы мүмкін екенін жасырмады.

«БАҚ ескі ақпаратты таратып жатыр. Димаш қазір ел айтып жүргендей екінші курста емес, үшінші курста оқиды. American Voice шоуынан шақырту келгенін растай аламын, бірақ Димаш оған қатыспайды, себебі оның деңгейі I Am a Singer байқауынан төмен. Ал Евровидениеге келсек, неге қатыспасқа? Бірақ Қазақстан «Евровидение» байқауына қатысу үшін телеарналардың еуроодағына кіруі керек. Талап сондай. Егер мүмкіндік болса, Қазақстанды неге танытпасқа», – дейді ол.

Есте болса, еліміздегі «Хабар» телеарнасы Еуропалық таратылым одағына кірді, алайда оның толық құқылы мүшесі болған жоқ. Сол себепті әзірге Қазақстан «Евровидениеге» қатыса алмайды. Алайда телеарна басшылығы бұл мәселенің шешімін іздеп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Желіде Димаштың қытай тілінде айтқан әні пайда болды (видео)

Димаштың жарыста алғашқы үштіктер қатарында қалуына қытай тіліндегі әннің септігі тиген

Димаштың анасы: Ұлым байқауда қазақ тілінде ән шырқайды

Джеки Чанның Димаш Құдайбергеновке үйреткен биі (фото, видео)

Талқылау