Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың жарыста алғашқы үштіктер қатарында қалуына қытай тіліндегі әннің септігі тиген

Димаш  Қытайда өтіп жатқан «I am a singer» байқауының төртінші кезеңінде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

дим8

«Бірінші орынды «Сяо Цзиньтэн Шицзы» («Lion») тобы, екінші орынды – Линь Илянь, үшінші – Димаш, төртінші – Ду Лиша, бесінші – Чжан Цзе, алтыншы – Тань Цзин (үшінші кезеңде бірінші орын алған болатын) және жетінші орынды Чжао Лэй иеленді», – деп жазды қытайлық БАҚ.

 

дим1

«Weibo» әлеуметтік желісіндегі Димаштың жұмыс тобының парақшасында байқаудың 4-кезеңіндегі суреттер жарияланды. Онда әртістің стилисі BG Fashion, визажисі әрі шаштаразы DO Fashion екендігі жазылған. Әншінің киімі – Gucci 17SS, мойынорағышы – Paul Smith 17SS, шляпасы – Albertus Swanepoel, аяқ киімі – Gucci 17SS, жүзігі – H&M, білезігі Жапониядан.

 

дим2

Еске салайық, бұған дейін «Синьхуа» агенттігі Димаш Құдайберген аталмыш байқаудың 4-кезеңінде қытай тіліндегі әнді акцентсіз айтып бергенін хабарлаған болатын.

дим3

Оның бойына көз тартарлық келбетті қара түсті бас киімі келтіріп тұрды. «I am a singer» байқауының төртінші кезеңі 2 ақпан күні жазылған еді. Ол телеарналардан 11 ақпан күні Астана уақытымен сағат 20:30-да көрсетіледі. Димаштың бұл кезең үшін таңдаған «Күзгі мұң» әнін 2013 жылы «I am a singer» байқауында қытайлық әнші Ша Баолян орындаған болатын.  Кеше қазақстандық жас талант иесінің анасы Светлана Айтбаева оның аталмыш байқау барысында қазақ тілінде де ән айтатынын жеткізген болатын.

дим4

Айта кетейік, Қытай телеарнасындағы ән байқауына қатысып жатқан отандасымыз оның екі кезеңінде – бірінші, үшіншісінде 3-орын алған болатын. Оның қытайлық әлеуметтік желідегі жазушылар саны миллионнан асты, оған ақындар өлең-жырлар арнап, қыздар қазақша үйреніп, хаттар жазуда. Жанкүйерлер өз парақшаларын Димаштың суреттеріне толтыруда.

дим5

Тіпті, Қытай дүкендерінде отандасымыздың келбеті бейнеленген бұйымдар, тұрмыстық заттар сатыла бастады. Димаштың өнеріне тәнті болған әлемге танымал әнші Лара Фабиан онымен кездескісі келетінін айтты. Ал күні кеше ғана белгілі актер, кинорежиссер Джеки Чан Д.Құдайбергеновті кездесуге шақырып, арқа-жарқа әңгімелескен болатын. Димаш Құдайберген Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті. Кеше ЖОО-ның ректоры Айман Мұсақожаева жас талант алдағы уақытта «Евровидениеге», одан кейін «Америка дауысына» қатысатындығын айтты.

дим6

дим7

Оқи отырыңыз:

Димаштың анасы: Ұлым байқауда қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысына» шақырту алды

Джеки Чанның Димаш Құдайбергеновке үйреткен биі (фото, видео)

Қытай қыздары Димашты сыйлықтардың астында қалдырды

 

 

Талқылау