Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдік доданың бірінші кезеңін жеңген Димаш Құдайбергенов күллі қытайлықтарды таңғалдырды (видео)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан I Am a Singer (Мен әншімін) музыкалық жарысына қатысып, бірінші кезеңде-ақ қарсыластарын шаң қаптырды.

dimash-tanir-oz

22 жастағы әнші SOS d’un terrien en détresse композициясын француз тілінде орындап, күллі тыңдарманды ерекше дауысымен тәнті еткен. Тіпті желіде Димашқа тамсанған қытайлықтар туралы түрлі әзіл суреттер де пайда болуда.

Ал желіде әншінің ата-анасының парақшасы байқауда жеңімпаз атанғаны туралы толығырақ баяндады.

“Сүйінші, ағайын! Қытайда өтіп жатқан “Мен әншімін!” атты байқаудың бірінші сайысында ұлдарыңыз Димаш Құдайберген жеңіске жетті!!! Сахнаға бір қазақ шығып мыңдаған өзге ұлт өкілдері қол шапалақтап, орындарынан тұрғанда еріксіз көзге жас алдым! Түсінген адамға бұл бір Димаштың емес, бар қазақтың жеңісі! Қазақтың қалай əн айтатынын жарты əлем көрді бүгін! миллиаррдтаған халыққа бүгін Димаш аты, Димаш арқылы Қазақ аты танылды! “Хасакіді шібән” – Қазақтың қанаты деп таныстырды байқауда! Бұл байқауда жеңу бір бөлек, қатысу мүмкіндігіне ие болудың өзі бір үлкен қиын жұмыс! Бəрі артта! Алда келесі сын!!! Ал, Бүгін біздің ауылда той! Жеңісті тойла, Қазақстан!!! Тілектес ағайын, үлкен рахмет!” – деп жазды ата-анасы Қанат Света Айтбаевтар. 

Аспан асты елі Қазақтың үнін естіді!Естіп қана қоймай,тұрып қол соқты!!!!

Видео опубликовано sveta (@sveta_aitbaeva73)

Әншіге өз кезегінде отандық эстрада жұлдыздары да жанкүйер болды. 

Әсіресе, Сәкен Майғазиев жиі-жиі Димаштың ән айтқан видеоларын желіге салып отырды.

I Am a Singer жобасы танымал корейлік реалити-шоудың қытайлық нұсқасы болып табылады. Жеңімпаз әр кезең сайын дауыс беру қорытындысы бойынша анықталып отырады.

Димаш бұған дейін 2015 жылы Витебскте өткен “Славян базары” байқауының Гран-при иегері атанды.

Осыған дейін Димаштың Қытайда әлем мойындаған әншілер сайысына қатысып жатқанын жариялаған едік. Қытайлықтар қазақстандық әншіге “Тәңір өзі назарына алған әнші” деп баға берген.

Оқи отырыңыз:

Тәуекел Мүсілім өзінің есею кезеңдерін суреттермен көрсетті (фото)

Ыстанбұлда қол ұстасып жүрген Төреғалидің ата-анасы желі оқырмандарын қызықтырды (видео)

Әнші Серікбол Сайлаубек ұлды болды (видео)

Алматылық бизнесмен Баян Мақсатқызы туралы: Ол менің өмірімді өзгертті

Талқылау