Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Серікбол Сайлаубек ұлды болды (видео)

Серікбол Сайлаубек ұлды болды. Қуанышты жаңалықты әншінің өзі желі арқылы бөлісті.

0эх

Фото: instagram.com/serikbol_sailaubek/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншінің бүгінде бір ұл, екі қызы бар. Енді міне отбасы тағы бір сәбимен толықты. Дүниеге атқамінер келді. Сәбидің бойы – 53 сантиметр, салмағы – 3 кг 500 гр.

“Ассаламағалейкум! Барша инстаграмдағы достарға құттықтауларыңыз үшін рахмет айтамын! Алла разы болсын! Үйленбегендер үйленіп, қазақтың саны көп болсын. Тек қана жақсылық болсын. Ұлды болдым. Кәдімгідей риза болып отырмын. Сонымен екі ұл, екі қызым бар, Алла қаласа”, – дейді Серікбол Сайлаубек.

Оның қуанышын бөлісуге желі қолданушылары да асықты. Ақ тілектерін жаудырып, әншінің отбасына бақыт тіледі. “Бауы берік болсын! Құттықтаймын! Сіздің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын”, “Өте қарапайым, адал жансыз. Осы бетіңізден таймаңыз”, “Бауы берік болсын! Қуанышыңыз ұзағынан сүйіндірсін”, “Серікбол, шын жүректен құттықтаймын. Дені сау, ғұмыры ұзақ болсын. Балаларыңның қызығына тоймай, осылай ойнап-күліп жүре бер” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Айқын Төлепберген артық салмағы үшін алаңдап жүр (фото)

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)

Санжар Мәдиевтің отбасылық суреттері жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Аша Матай жаңа істі қолға алды

Талқылау