Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергенов Қытайда әлем мойындаған әншілер сайысына қатысуда (фото, видео)

Ерекше даусымен талай байқауды бағындырған жерлесіміз Димаш Құдайбергенов Аспан асты елінде әлем мойындаған әншілер байқауына қатысып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

димаш кытай

«Құрметті, Қазақ Елі, достарым, тілектестерім, биыл Қытай еліндегі танымал әншілер өзара бақ сынайтын “I am Singer (Мен әншімін)” деген байқауға қатысқалы жатырмын! Күллі әлем мойындаған әншілермен бір саxнада қарсылас болып, Қазақ атын баршаға жар салу – мен үшін үлкен мәртебе! Жаңалықтармен бөлісіп отырамын! Ақ тілектеріңіз бен қолдауларыңыз үшін мың алғыс!» – деп жазады Димаш.

Screenshot_8

Аталған жобаны Қытайдың ең ірі Hunan TV телеарнасы көрсетеді. Бұл дегеніңіз Димаштың өнерін кем дегенде 2 миллиард адам тамашалайды деген сөз.

Screenshot_9

Екі аптаға созылатын жоба осымен бесінші мәрте ұйымдастрылып отыр. Байқау нәтижесі 21 қаңтарда белгілі болады.

Screenshot_10

Байқаудың алғашқы күнінде Димаш қазақ тілінде ән орындап үлгерді.

Димаштың айтуынша, байқаудың әрбір күнінде қатысушылардың біреуіне жеңіс кубогі беріліп отырады. Бас аяғы 14 кубок сарапқа салынады. Олардың ең көбін еншілеген әнші жеңімпаз деп танылады. Әр күннің нәтижесін әнші құпия сақтауға міндетті.

Айтпақшы, бұл жобаның бір ерекшелігі сол, қатысушының әр қадамы, әр әрекеті камера назарында болады. Мәселен, мына кадрға толассыз дайындықтардан шаршаған Димаштың ұйықтап жатқаны түсіп қалған.

Screenshot_11

Жіберіп алмаңыз:

Тәуекел Мүсілім өзінің есею кезеңдерін суреттермен көрсетті (фото)

Ыстанбұлда қол ұстасып жүрген Төреғалидің ата-анасы желі оқырмандарын қызықтырды (видео)

Әнші Серікбол Сайлаубек ұлды болды (видео)

Алматылық бизнесмен Баян Мақсатқызы туралы: Ол менің өмірімді өзгертті

Талқылау