Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың қытайлық жанкүйер қыздардан қашып бара жатқан видеосы жарияланды

Қытайда Қазақстанның намысын қорғап, байқауға қытысып жатқан Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлерден қашып бара жатқан видеосы жарияланды, деп хабарлайды Қазақпарат.

nz1.ru_14866393887

Бейнежазба Димаштың кезекті түсірілімге барған кездегі, Шаңша қаласының әуежайында түсірілгені белгілі болды. Онда, өзінің келуін асыға күткен жанкүйерлердің көптігінен сасқан Димаштың қаша жөнелгенін байқауға болады. Алайда фанаттары оны алысқа жібермеді. Қашып құтылмасын білген Димаш жылы жымиып, олармен суретке түсуге мәжбүр болды.

«Ерекше қорқынышты. Өзімше, Димаштың жанына барып оны қорғағым келді. Алайда жақындай алмадым. Ағамды қорғай алмағаныма кешірім сұраймын», – деп жазады видеоны желіге жүктеген әншінің жанкүйері.

Сонымен бірге желі қолданушылары жанкүйерлерді тәртіпті болуға шақырып отыр.

«Оның денсаулығына кесіріміз тимесін! Мәдениетті болайық», «Фотоға түсіргенде, телефонның жарығын өшіріңіздерші, Димаштың көзіне әсер етеді», – деп жазады пікір қалдырушылар.

Кейбірі байқауды ұйымдастырушыларға сын айтып, жанкүйерлер арасында Димашты қорғайтын топ құруды ұсынған.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысына» қатыспайтын болды

Желіде Димаштың қытай тілінде айтқан әні пайда болды (видео)

Димаштың жарыста алғашқы үштіктер қатарында қалуына қытай тіліндегі әннің септігі тиген

Джеки Чанның Димаш Құдайбергеновке үйреткен биі (фото, видео)

Талқылау