Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергенов: Менің Қытай туралы танымым Джеки Чан киноларынан басталған

Жуырда әйгілі Қытай актері Джеки Чанмен кездескен Димаш Құдайбергенов бала кезінде актер қатысқан киноларды сүйіп көргенін айтты. Оның Қытай елі туралы танымы Джеки Чан киноларынан басталған.

Джеки и Димаш3-080217

Бұл туралы ол Қытайдың әйгілі кино актері Джеки Чанмен кездескен сәтінде айтты, деп жазады қытайлық ent.news.cn ақпараттық сайты.

«Мен кішкентай кезімнен сіздің киноларыңызды ерекше сүйіп көретінмін. Сіз түскен кинолардың дискілері үйде том-том болып тұрады. Менің Қытай елі туралы танымым Джеки Чан киноларынан басталды десем, артық айтпаймын. Бала күнімізде бір-бірімізбен ойнап төбелескенде, мен үнемі «Джеки Чан» болатынмын. Бір жолы ата-анам базардан сіздің суретіңіз басылған дискі алып келіп қатты қуантқан еді. Алайда дискінің ішіндегі басқа кино болып, әке-шешеме өкпелеп қалғаным бар», – дейді Димаш Құдайберген.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысына» қатыспайтын болды

Желіде Димаштың қытай тілінде айтқан әні пайда болды (видео)

Димаштың жарыста алғашқы үштіктер қатарында қалуына қытай тіліндегі әннің септігі тиген

Димаштың анасы: Ұлым байқауда қазақ тілінде ән шырқайды

Талқылау