Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Филиппинде «Мелор» тайфуны құрбандарының саны артты

Соңғы мәлімет бойынша, өзімен бірге нөсер алып келген дауыл соңы су тасқынына ұласып, 9 адамның өмірін жалмаған. Бұған дейін 3 кісінің қазасы туралы ақпарат таралған болатын.

оооо

Тағы 5 балықшы ізім-ғайым жоғалып кетіпті. Табиғи апат кесірінен 800 мың тұрғын үйін тастап, қауіпсіз орындарды паналауға мәжбүр. Елде 100-ден астам әуе сапары кейінге шегерілсе, тағы 200 кеме теңізге шықпай қалған.

Ал кейбір аудан тұрғындары электр қуатынсыз отыр. Жергілікті төтенше жағдайлар қызметі олар Рождествоны жарықсыз қарсы алуы мүмкін деп топшылауда. Өйткені қалыпқа келтіру жұмыстарына 3-4 ай кетеді деген болжам бар.

Талқылау