Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде энергетикалық сусындардың сатылуына шектеу қойылуы мүмкін

Бүгін депутаттар осындай ұсыныс жасады. Айтуларынша, қуат беретін ішімдіктер денсаулыққа өте зиян, деп хабарлайды КТК.

“Энергетикалық сусындардың құрамында адамның жүйке жүйесіне кері әсер ететін психотропты заттар бар.Ішімдіктің осындай зияны туралы бөтелкеде өте кішкентай әріптермен жазылған. Ал, ағзаға қуат беретіні айдан анық көрсетіліп, жарнамасы жер жарып тұр”, – дейді Мәжіліс депутаты Сәкен Қаныбеков.

Ал жарнамаға алданған жастар мұндай сусындарға өте құмар. Тіпті, түрлі зерттеу нәтижесіне сүйенген халық қалаулылары энергетикалық ішімдікті ішудің салдарын жіпке тізіп берді. Айтуларынша, күмәнді сусынды көп қолданатындар тым ашушаң әрі қатыгез болып келеді екен. Әрі үш есе көп темекі шегіп, түрлі қылмыс жасайды. Соңында жүйке жүйесі, асқазаны мен  бауыры ауырып, тіпті қатерлі ісік дертіне шалдығады. Қазір елімізде мұндай энергетикалық сусындарды оқу орындары мен қоғамдық жерлерде сатуға ғана тыйым салынған.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбе облысында 14 жастағы қыз “үйленіп” алған

Талқылау