Елеусіновті марапаттау рәсімінде комментаторлар көз жастарына ерік берді (видео)

Бейсенбі, 18 Тамыз , 2016 13:43

Данияр Елеусіновті Олимпиада алтынымен марапаттау рәсімінде Қазақстан комментаторлары көз жастарына ерік берді.

DSC_5172

69 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылар сайысы аяқталды. Қазақтың Данияры ел намысын ту етті. Көк Туымызды желбіретіп, мерейімізді асырды. Күні кеше отандасымыз Василий Левиттің әділетсіз «жеңілісіне» көңілі қайысқан қазақ жұрты жеңіс тұғырынан Даниярды көргенде көздеріне жас алды. Олардың арасында күн-түн демей ел үшін қызмет етіп жүрген спорт комментаторлары да бар.

Қабағын жарып, жарақат алған «Алтын бала» қайтсе де дегеніне жетті. Өзбек боксшысын айқын басымдықпен ұтты. Сонымен, Мемлекеттік Әнұранымызды бүкіл әлемге тыңдатар сәт те жетті. Жеңіс тұғырына Чемпион Данияр Елеусіновпен бірге Өзбекстан, Франция және Морокко спортшылары көтерілді.

Олимпиада дәстүрі бойынша, алтын медаль иегері жүлдесін тістеді. Өзі абыржулы көрінді. Әрине, өмірлік арманына, өзінің арманына, қазақтың арманына қол жеткізді! Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны басталғаннан-ақ Данияр қолын жүрегінің тұсына қойып, бірге шырқады.

Осы бір тамаша сәтті барша жұртпен бірге тамашалаған комментаторлар сезімдерін бүгіп қала алмады. Олар батыр ұлды тұғырдан көргенде көз жастарын жасыра алмағандығын мойындады.

«Көк туымыз көкке көтерілгендегі сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Көз жасқа ерік бергенімізді осалдық деп білмеңіздер, құрметті отандастар! Жеңісіміз құтты болсын!” – деді комментатор Шалқар Естен.

Данияр Елеусінов 69 келі салмақ дәрежесінде Олимпиада чемпионы атанды. Финалда отандасымыз өзбек боксшысы Шахрам Гиясовты 3:0 есебімен ұтты.

Бұл сайыста қола жүлдені марокколық Мохаммед Раби мен француз Сулейман Сиссоко еншіледі.

Жіберіп алмаңыз: 

Бекболат Тілеухан Даниярды жекпе-жек алдында жігерлендірген (фото)

Жерлестері Данияр Елеусіновтің жеңісін алаңда тамашалады

Бүгін Әділбек Ниязымбетов Данияр Елеусіновтің жеңісін қайталап көрмек

Эльмира Сыздықова: Ешқандай қуаныш сезінгем жоқ, үйіме қайтқым келеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Римма says:

    Данияр жарайсың чемпион Алтын жігіт. Алған жарақатына қарамастан . Көк байрағымызды биікке көтеріп Бүкіл Əлем алдында Əн ұранымызды шырқаттың. Алтын жігітсің сен. құтты болсын. Қазақ елі Қазақстан.

  • Меруерт says:

    Данияр жарайсың чемпион Алтын жігіт. Алған жарақатына қарамастан . Көк байрағымызды биікке көтеріп, Бүкіл Əлем алдында, Əн ұранымызды шырқаттың. Алтын жігітсің сен. Қазақ елін шын журектен ҚҰТТЫҚТАЙМЫН

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар