Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан: Димаш керемет киноактер бола алады

Қытайлық танымал актер Джеки Чан Димаштың киноға түсуі жайында пікірін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170607160947

Қазақстан-Қытай кинофестивалінің ашылу салтанатына арнайы келген Джеки Чан баспасөз мәслихатында «Димаштың керемет даусын теледидардан естіп, өнеріне тәнті болдым. Кейін оның менің фанатым екенін білдім. Мен оны кино саласында өте тамаша актер болады деп ойлаймын», – деді.

Бүгін түнде әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам Джеки Чан Астанаға ат басын бұрды.

Еске сала кетсек, әйгілі актер қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтың өнерін ерекше бағалайтынын мойындаған болатын. Танымал актер жас әншіні ерекше қуанышпен қарсы алып, құрмет көрсетеді. Кездесу 6 ақпан күні болған. Кездесу барысында актер тіпті Димашқа өзінің сүйікті биін де үйреткен. Бұл ретте Димаш танымал актерді туған күнімен де құттықтады.

Тағы да оқыңыз:

Джеки Чан Димаштың суреті бейнеленген футболка киіп жүр (фото)

Димаш Құдайбергенов: Менің Қытай туралы танымым Джеки Чан киноларынан басталған

Джеки Чан туралы қызық деректер топтамасы (фото)

Талқылау