Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты Джеки Чан Димашты кездесуге шақырып оған күртешесін сыйлады

Әлемге әйгілі актер Джеки Чан Димаш Құдайбергеновтің даусына тәнті болып, оны арнайы кездесуге шақырды.

Димаш и джеки

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Кездесу барысында Джеки Чан қазақ әншісіне күртешесі мен фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартқан. Ал Димаш оған қазақтың шапанын жауып, қасиетті домбырасын тарту еткен. Бұл туралы Димаштың өзі желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның “Әлқиссасынан” шашу шаштым! Өз кезегінде актер маған соңғы “Kung Fu Yoga” кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті. Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!» – дейді Димаш.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш қытайлық қызға бауыр басып қалғанын айтты

Қытайлық жанкүйерлер құмның бетіне Димаштың суретін бейнеледі (видео)

“I am singer” жобасындағы Димаштың қарсыластары кім?

Лара Фабиан Димашты кездесуге шақырды

Талқылау