Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан туралы қызық деректер топтамасы (фото)

7-сәуір күні белгілі актер, режиссер Джеки Чан 63 жасқа толды. Оның көңілді трюктерге құрылған түрлі фильмдері мен үлкен еңбектерін бүкіл әлем біледі. Бүгін Джеки туралы бірқатар деректерді ұсынамыз.

nz1.ru_149156012216

Анасы Джеки Чанға 11 ай жүкті болыпты. Ақырында ол дәрігерге қаралып, кесір тілігін жасау арқылы босанған. Ал сәбидің салмағы 5 келі, 400 грамм болыпты.

nz1.ru_149156012619

Актердің шын есімі – Чан Кон Сан.

nz1.ru_149156012820

Бала өмірге келгеннен кейін ата-анасы оны британиялық акушерге 26 долларға сатпақшы болыпты.

nz1.ru_14915601021

“Онда қазір Ұлыбританияда тұрып, тек ағылшынша сөйлеп, дәрігер болуым мүмкін еді дейді Джеки.

nz1.ru_14915601128

Джеки 7 жасқа толған кезде отбасы Австралияға көшіп келіп, баланы Гонконгтегі мектеп-интернатқа қалдырады. Джеки сол жерде акробатика, актерлік шеберлік, шығыс жекпе-жек, музыка өнерін меңгеріп шыққан. Жаттығу таңғы 5-те басталып, түннің жарымына дейін жалғасқан.

nz1.ru_14915601053

Әрбір қателік дене жарақатына алып келетін. Кейін Джеки: “Мені күн сайын ұратын. Мен өте ашулы болдым” дейді.

nz1.ru_14915601096

Джеки қытай тілінде нашар жазып, нашар оқиды: Ол көбінесе ағылшын тілінде сөйлескен.

nz1.ru_149156012014

Өзіне “Джеки” деген есімді Австралияда құрылыста жұмыс істеп жүрген кезде алған.

nz1.ru_14915601139

Алғашқы киносына сегіз жасында түскен. Ал мектепті тәмамдағанша жеті фильмде ойнап үлгеріпті.

nz1.ru_149156011611

Алайда жас әрі белгісіз актер ақшалай қиындыққа көп кезіккен. Сол себепті “ересектерге арналған киноға да” түсуіне тура келеді.

nz1.ru_149156011712
БАҚ зерттеп отырып, ақыры оның ашық сахналы киноға 1975 жылы түскенін анықтапты. Фильм “All in The Family” деп аталған. Айтпақшы, оның көптеген голливудтік әріптестері де кәсіби жолдарын эротикалық фильмдерден бастаған.

nz1.ru_149156011813

nz1.ru_149156013122
Акробат және каскадер болып жұмыс істеген ол, үлкен киноға Брюс Лидің спарринг-серіктесі ретінде аяқ басқан.

nz1.ru_149156013223

Ол 10 минуттық эпизодты 2900 рет түсірген. “Бұл қозғалыс маған ұнамайынша, мен оны мың мәрте қайталап түсіре беремін” дейді актер.

nz1.ru_149156014331

Ол 80 фильмге актер, 11 фильмге каскадер ретінде түсіп, 15 картинаға режиссерлік, ал

nz1.ru_149156014533

11 фильмге продюсерлік жасаған.

nz1.ru_149156015641

Еске сала кетсек, әйгілі актер қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтың өнерін ерекше бағалайтынын мойындаған болатын. Танымал актер жас әншіні ерекше қуанышпен қарсы алып, құрмет көрсетеді. Кездесу 6 ақпан күні болған. Кездесу барысында актер тіпті Димашқа өзінің сүйікті биін де үйреткен. Бұл ретте Димаш танымал актерді туған күнімен де құттықтады.

Оқи отырыңыз:

Эфиопия тайпасының ерлері ең семіз деп атану үшін 6 ай сиырдың қанын ішеді (фото)

Қарақалпақстанда тұратын қазақтардың тұрмыс-тіршілігі (фото)

Әлем халықтарының адам шошырлық сексуалды дәстүрлері (фото)

Әлем елдеріндегі ең сұлу тележүргізушілер (фото)

Талқылау