Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Димаш пен Джеки Чан кездесуінің бейнежазбасы пайда болды (видео)

Әлеуметтік желіде қазақстандық әнші Димаш пен танымал актер Джеки Чан кездесуінің видеосы пайда болды.

4545

Жазбаны Сержан Қасен есімді  фейсбук қолданушысы өз парақшасында жариялаған. Бейнежазбада Димаштың өз кумирімен кездесуге бара жатқан сәті және кездескен кезі көрсетілген.

Танымал актер жас әншіні ерекше қуанышпен қарсы алып, құрмет көрсетеді. Кездесу 6 ақпан күні болған. Кездесу барысында актер тіпті Димашқа өзінің сүйікті биін де үйреткен. Димаштың өнерін теледидардан көргеннен кейін Джеки Чанның өзі кездесуге ықылас білдіріпті.

Еске сала кетсек, Димаш байқаудың үшінші кезеңінде “Күзгі мұң” әнін қытай тілінде орындап, үшінші орынға ие болған еді. Бұл видеода сол байқаудың алдында жарыс кезінде экраннан көрсетілген.

Оқи отырыңыз:

Франция Димаштың орындауындағы француз әніне таңдай қақты

Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды (фото)

Жанар Дұғалованың аянышты халі желідегілерді шошытты (видео)

Кентал ән жазып оны 10 мың долларға сатылымға шығарды

Талқылау