Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды (фото)

Кеше Қазақстан эстрада жұлдыздары танымал композитор әрі продюсер Ринат Гайсинді туған күнімен жарыса құттықтады. Бұл ретте елдің сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев та шет қалған жоқ.

Мейрамбек-100217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алайда қазақылығымен дараланатын әнші бұл жолы әріптесіне ерекше құттықтау жасады. Нақтыласақ, ол Ринат Гайсинге деген ақ тілегін орыс тілінде жеткізді.

“Дорогой, родной Гайсин, поздравляю тебя от всей души С днем рождения!!! Желаю тебе крепкого здоровья, семейного счастья и долголетия! -дей келе бар жақсылықты тілеймін бауырым. Аман бол! Жасай бер!” – дейді Мейрамбек Бесбаев.

Мейрамбек скрин_100217

Мұны көрген желі оқырмандары қатты таңырқап қалды. Кейбіреулер, тіпті, жазбаны Бесбаевтың өзі қалдырды дегенге сенбеді. Ал көпшілік мұның әзіл екенін түсініп, күлкі сыйлағаны үшін әншіге алғыс айтып жатты.

“Орысшаны жынды жібереді екенсіз ғой, аға”, “Дорогой, родной Гена деп қоймадыңыз ба?”, “Мейрамбек, сіз өзіңіз жаздыңыз ба? Сіз орысша жазбаушы едіңіз, сол үшін қатты сыйлайтын едім”, “Жардыңыз, мен де Мейрамбек аға орысша жазбайды деуші едім”, “Қазақша үйретіңіз, Мейрамбек інім”, “Орысша жазғаныңызды бірінші рет көріп тұрмын”, “Макең орысша біледі екен ғой, бірінші рет көріп тұрмын орысша жазғанын”, – дейді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Қытай жұлдыздарының рейтингінде екінші апта қатарынан көш бастап тұр

Мөлдір Әуелбекова Iphone ойнатылып жатқан байқауларды түсіндірді (видео)

Баян Есентаева жүкті болудың мүмкіндігін арттыратын препарат қабылдап жүр

Бағым Мұхитденова өзін “толық” деп сынағандарға жауап берді (видео)

Талқылау