Дмитрий Баландин жүзушілер командасын құруды армандайды

Жұма, 26 Тамыз , 2016 10:03

Суда жүзуден Қазақстандағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Рио-де-Жанейродағы жеңісіне алғашқыда сенбегенін айтады.

img

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаевтың Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуден соң журналистерге берген сұхбатында Олимпиада жеңімпазы журналистерге осылайша ағынан жарылды.

«Сәуір айында мен Олимпиадада жеңе аламын деген сенімде болдым. Өйткені, соңғы бақылау жарыстарында мен жақсы нәтижелер көрсетіп жүрдім. Бұндай сенімділік бастапқы кезде болды. Алайда, өкінішке қарай, кейіннен өзіме деген сенімім жоғала бастады. Өйткені, мәреден-мәреге әрең жетіп жүрдім, еш нәтиже көрсете алмаған едім. Эмоциялық көңіл күй қатты әсер етеді негізі. Дегенмен, Олимпиада ойындарының ақтық айқасына шыққанда қосымша күш пайда болады. Бүкіл ағзаңды соған дайындайсың. Осылайша,  қатардағы жарыстарға қарағанда өзіңнің бар күшіңді салып, нәтиже көрсетуге ұмтыласың», – деп әңгімеледі Дмитрий Баландин журналистер сауалына жауап бере келе.

Сонымен қатар, ол өзінің атын көрсеткіш тақтадан көргенде чемпион екеніне бірден түсінбегенін еске алды.

«Жеңістен кейінгі әсер керемет, оны тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен тіпті, біздің қазақстандық суда жүзу спорты тарихындағы «алтын» алған тұңғыш  спортшы екеніме әлі де сенбейтін тәріздімін. Бұл сөзсіз жаныңа жайлылық сыйлайтын сезім», – деді Дмитрий Баландин.

Алдағы жоспарларына тоқталған ол, қазақстандық жанкүйерлерді әлі де қуанта түсуге асық екенін жасырмады. «Токиодағы 2020 жылы өтетін Олимпиадаға да барғым келеді. Әрине, барып қана қоймай, халқымды қуантсам деймін», – деді ол.

«Менің арманым – Азия чемпионаттарында, Олимпиада ойындарында медаль үшін күресетін эстафета командасын жинау.  Қазақстанда суда жүзу спорты барынша дамып, жас балалар спорттың осынау тамаша түріне көптеп келсе екен. Менің ойымша, осылай болса, Қазақстан әлі де талай алтын алады, медальдан еш кенде болмаймыз», – деді Баландин.

Рио Олимпидасында екі жүз метрге жүзуден қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин ақтық сайыста алтын жүлдеге ие болған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Баландиннің анасы: Ұлымның жеңісіне әлі сене алар емеспін

Дмитрий Баландин жеңісін барша қазақстандықтар тойлайтынын айтты

Фото: Рио Олимпиадасындағы қазақстандық спортшыларының жеңісті сәті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар