Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәстүрлі фестиваль кезінде бұқалар 8 адамды жаралады

Перудің Уанкавелика қаласында жаңа жыл күндері бұқалардың қатысуымен дәстүрлі фестиваль өтті.

photo_82671

Қызыл түс көрсе қаны қайнайтын ашулы жануарлар бұл жолы ешкімді аямады. Қамақтан атып шығысымен-ақ ол қызықты тамашалауға келгендерге ұмтылып, бірнешеуін мүйізінен асыра лақтырған. Әбден іші пысқан жануар кейбіреуін аша тұяғымен таптап, зәре құтын қашырды. Көңіл көтеру үшін ұйымдастырылатын фестиваль кезінде кем дегенде сегіз адам бұқадан таяқ жеп, жарақат алып қайтты.

 

Талқылау