Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен опасыздық жасаған жігітіне кешірім беру үшін ақша талап етті

 

Бойжеткен өзіне опасыздық жасаған жігітін кешіру үшін ақша алды. Сүйіктісі 3 жыл бұрын қыздың көзіне шөп салған.

3 жыл бұрын Тони Осборн Ұлыбританияның Манчестер қаласында сүйіктісімен айырылысып кетті. 27 қаңтарда 19 жастағы қыз желіде жігітімен сөйлескен әңгімесінің суретін жариялады. Бойжеткен жігітін кешіру үшін оның 100 фунт ақша беруін талап етеді. Жігіт кешірім беру үшін бәріне дайын екенін айтқан. Қызға сұраған ақшасын беруге дайын болған.

Бойжеткен 28 қаңтар күні жігттің ақша аударғаны жөніндегі түсіртегін де суретке түсіріп жариялады.

“Мен 100 фунт жіберуін сұрадым. Ол ақшаны аударып жіберді. Маған 3 жыл бұрын опасыздық жасаған адамның кім екенін бәрі білсін. Бұл менің өтемақы “, – дейді қыз.

Желі қолданушылары бойжеткеннің ісін қолдады. Олар да қыздың әдісін қолданса, осы уақытта байып кетуі мүмкін екенін айтты.

Кейбірі қыздың көлік алу үшін көбірек ақша сұрауға кеңес берді. Пост желіде кең тарап кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау