Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкек тұрғыны австриялық баронға тұрмысқа шықты

Журналист болуды армандаған, қарапайым ғана Бішкек тұрғыны австриялық баронға күйеуге шықты. Қазір ол Венаның тарихи ауданында тұрып жатыр.

6de8c24f104483b903549faecca0910e

Суреттер Натали Фишер

Бұл туралы Sputnik Кыргызстан хабарлайды.

“Мен Бішкекте тұрып, сонда университетте оқыдым. Сосын мамандық бойынша да жұмыс істедім. Бұл маған ұнап, бағытым бойынша дамуды жөн санадым. Журналист болып жұмыс істеп жүріп, Евроодақтың жобасына бардым. Біз сол жерде кездестік. Бұл тағдыр жолымдағы қызықты бұрылыс”, – дейді Екатерина.

60e709f960ccee8cffe5b238e8aa1c3f

“Оның фамилиясы өте ұзақ. Ол ең ескі қаланың өкілі екен. Бабалары 1000 жыл бұрын Бавариядағы шағын мекеннің негізін салған, кейін ол үлкен қалаға айналса да әлі күнге Хардсдорф деп аталады. Оның отбасы баварлық қаланың дамуына үлкен үлес қосып, монархияның саяси өмірінде маңызды орын алған”, – деп жалғастырды қыз.

Оның айтуынша алғаш көргенде күйеуі қыздан көз алмапты.

“Ол өте әдепті әрі білімді адам. Әрине айырмашылық бар: оның бойында дипломотиялық қасиеттер көп. Тіпті біреу есіріп дұрыс емес әңгіме айтып жатса да, ешқашан сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдайды. Ол маған менің ерекше екенімді, бір көргеннен ұнатып қалғанын айтты”, – дейді қыз.

Катя Австрияға көшіп барудың оңайға түспегенін айтады. Алайда жүрегі қалап тұрған соң қарсы келе алмаған.

Бішкек пен Венаны салыстырған қыз, қос қаланың бір-бірінен терең тарихы бойынша ерекшеленетіндерін айтты.

“Венада салық мәселесіне ұқыпты қарап, барлық заңды қадағалайды. Сонымен қатар, австриялықтар не ойлап тұрғанын бірден айтпайды. Бұл жақта адамдар бір-бірін қатты айқайлап шақырады. Бірақ, бұл ашу, ыза дегенді білдірмейді”, – дейді Екатерина.

Ол алғашқы екі жылын Бішкекте өткізген. Бірақ, кейін өзінің жаңа отбасы бар екені, олардың алдында да жауапкершілік бар екенін түсінген. Шетел тілін меңгеру үшін Вена университетіне оқуға түскен. Сосын италиялық дизайнер Salvatore Ferragamoның компаниясына менеджер көмекшісі болып жұмысқа да орналасады.

d65fe69b02f8f8b964ea5d6ccf6be0a6

Ол сондай-ақ, европалықтардың киім киісіне де қатысты өз байқағанын айтып берді.

“Күндіз биік тақа киіп жүрген адамды аз көресіз. Көбінесе, кешкілік биік тақа аяқ киімді көп киеді. Европалықтар өте қарапайым киінеді. Олар үшін ең бастысы – жайлы болса болды”, – дейді ол.

Екатерина қазір отанын қатты сағынып жүргенін де жасырмады.

500cb0383e2eb729b2beeec254a18229

“Австрияда бәрі қатаң. Өз елімдегі көшемді, қаламды сағынып жүрмін. Қоғамдық орындарда тәртіп қатал, кішкене қателік жіберсең айыппұлдары дайын тұрады. Мұнда заң алдында бәрі тең”, – дейді баронесса.

Талқылау