Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір миллион доллар пара алған “Қорғас” басшысы ұсталды

“Қорғас” шекаралық серіктестік халықаралық орталығының президенті Василий Ни пара алып ұсталды. Василий Ни миллион доллар пара алып жатқан жерінде құрықталған, деп хабарлайды КТК.

6b13c723-ba91-46f9-8cd0-17b6b6e84156

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәліметінше, араны ашылған Ни «Қорғас тюльпан» компаниясының өкілінен тендерде жеңіске жету үшін осынша ауызбастырық сұраған.

Ал кәсіпкер халықаралық орталықтың аумағында 5 жұлдызды қонақ үй салуға ниеттенген екен. Құлқыны кең басшығы параны өзінің қарамағындағы Инвесторлармен жұмыс бөлімінің жетекшісі жеткізіпті. Қазір Ниге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Айта кетсек, осы Қорғастан қыруар қаржы қымқырған тұтас бір қылмыстық топ бірер жыл бұрын ғана сотталған еді. Енді олардың қатарына, алдыңғылардан сабақ алмаған Василий Ни де қосылып отыр.

Талқылау