Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағым Мұхитденова КешYou-ден кеткен қыздардың бетпердесін ашты

Бағым Мұхитденова КешYou-ден кеткен қыздардың сұхбатынан кейін шындықты айтуға бел буды. Продюсердің айтуынша, экс-солистердің топқа қатысты айтқаны шындыққа жанаспайды.

Бағым Мұхитденова КешYou-ден кеткен қыздардың бетпердесін ашты

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, бүгінде жеке шығармашылығымен айналысып жүрген Сара Амангелді топтан өз қалауымен кеткенін айтқан болатын. Бойжеткен келісім-шарттың мерзімі аяқталмаса да, топта жұмыс істегім келмеді, деп мәлімдеген еді. Алайда Бағым Мақсатқызы Сараның бұл сөзін жоққа шығарып отыр.

“Шын мәнісінде бәрі өтірік. Біздің орталық қалаған уақытта келіп кететін жер емес. Бірінші шешімді біз қабылдаймыз. Оларды жұмыстан шығаратын да біз. Ал олардың не айтып жүргенін білмеймін”, – дейді ол.
Сараның жұмысты тоқтатуына топ құрамының ауысуы да себеп болса керек. Бойжеткеннің айтуынша, әртүрлі қыздармен бір топта сыйысу қиын.

“Қанша қыздар келіп, кетіп жүрді. Топта әр адамның мінез әр түрлі. Сосын гелзбендте жұмыс істегім келген жоқ негізінде. Топта өзімді жайсыз сезіндім. Ол әр қызда болады”, – дейді Сара.

Сол сияқты кезінде Мөлдір Әуелбекова да дәл осындай жағдайды басынан кешкен болатын.

“Өтті әрине! Менде топта болдым ғой 6 жыл. Бізде топта көп құрам ауысқаннан кейін ол бір үйреншікті жағдай болды”, – дейді Мөлдір.

“Қыздармен сыйыса алмадым деген, біріншіден қасындағы әріптестерін сыйламағандығы деп білемін. Қалай ғана олай айтады? Мен түсінбеймін. Түсінгім де келмейді”, – дейді Бағым Мұхитденова.

Қыздардан көңілі қалса да, продюсер олардың ар-намысына нұқсан келтіруді қаламайды.

“Егер шынымен не болғанын жұртқа жария қылсақ, біздің адамгершілігімізге сын болар. Ақыл тоқтатқан адамдармыз ғой. Сондықтан көп жерде үндемейміз. Оларды халыққа масқара қылып, еш нәрсе ұтпайтынымыз белгілі. Бірақ уақыт өте келе, ақиқаттың беті ашылары сөзсіз”, – дейді Мұхитденова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау