Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында қараусыз қалған ұңғымадан күндіз-түні мұнай ағып жатыр

Құрманғазы аудандық әкімдігі таратқан мәліметке қарағанда, шикі мұнай 30 гектар жерді ластап, қоршаған ортаға 830 миллион теңгеден астам зиян келтірген. Бұл туралы КТК хабарлайды.

4175624C-A4B5-4B87-B036-43C12F27E199_mw800_sө

Фото: rus.azattyq.org

Құрманғазы ауданындағы Күмісбике кен орнын 2004 жылы қытайлық үлесі бар «Көлжан Ойл» компаниясы игере бастаған. Бірақ, бұл жер соңғы үш жылдан бері қараусыз қалыпты. «Көлжан Ойлдың» қоршаған ортаға келтірген зиянын есептеп, сотқа талап арыз берген Атырау облыстық экология департаменті мекемені жауапқа тарта алмай жүр екен. Өйткені кен орнындағы жұмыстарын белгісіз себеппен тоқтатқан компания басшылығы ізім-қайым жоқ болған.

Жазылған ресми хатқа да, телефон қоңырауына да жауап бермейді. Енді осы жағдайды анықтап, экология департаментіне тиісті ұсыныстар берген табиғат қорғау прокурорлары аудандық әкімдікке төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныс айтып отыр.

“Біз жергілікті жерде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныс айттық. Тиісті мекеме қазір бұл ұңғымаларды бітеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Енді осы заңсыздық әбден жойылмайынша, бұл мәселені өз назарымызда ұстамақпыз”, – деді Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры Азат Қалиев.

Оқи отырыңыз:

Теріс діни ағымдар өз уағыздарын насихаттаудың жаңа әдістерін тауып жатыр

Ақмола облысында сұмдық апаттан көз жұмғандар көліктен шыға алмай қиналған

Желіде Қазақстаннан қашып кеткен Рысқалиевтің видеосы пайда болды (видео)

Шымкентте көлігімен адам қаққан жігіт лауазымды туысының атын жамылып қорқытқан

Талқылау