Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада сот орындаушысының үстіне зілдей қоршау құлап кетті (видео)

Астанада сот орындаушысы тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағындағы қоршауды алып тастау кезінде зардап шекті.

Куәгерлердің сөзінше, ер адам бас жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Бұған дейін көпқабатты үй тұрғындары өздері қойған қоршауды алып тастау туралы сот шешіміне шағымданған еді. Қоршауды қоюға 2006 жылы мемлекеттік комиссия рұқсат берген.

«Барлық сотта жеңілдік. Қоршаудағы жерді жалға беруін сұрадық. Алайда, бас тартылды. Ендігі барлығын алып тастап жатыр. ең қызығы, әкімдік бұл жерді пайдаланбайды. Сол ашық күйінде қалады. Ал бізге қаңығбастармен, қылымыстық тұлғалармен өзіміз күресуге тура келеді. Тіпті, қоршауды өзіміздің алып тастауымызға рұқсат бермеді. Балалары бар әйелдер ме қарияларға қарсы күзет қойып қойды» – дейді тұрғындардың бірі Баян Мигданова.

Ендігі тұрғындар қоршау ішіндегі жерді жалға алу үшін күреспек ниетте.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау