Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнуар Жайнақов жаңа қызметке тағайындалды

Әнуар Жайнақов Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың кеңесшісі болды, деп хабарлады Қазақпарат.

Әнуар Жайнақов бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы болды. Бұл қызметке енді Айбек Смадияров тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Əбдірахманов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтау кезінде айтты.

35 жастағы Айбек Смадияров кадрлық дипломат. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетін үздік тәмамдаған. Бұған дейін СІМ-нің орталық аппаратында түрлі қызметтер атқарды. Венгрияның Қазақстандағы елшісі қызметінде болды. Соңғы кездері Вьетнамдағы Қазақстан елшісінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау