Андрей Аршавин Алматыдағы мүгедек балалармен кездесіп, қолдау білдірді

Жексенбі, 5 Маусым , 2016 9:46

Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – талантты балаларға көңіл аудару. Бұл күні бір сахнаға мүгедектер, мектеп оқушылары, қазақ эстрадасы жұлдыздары және футболшылар көтерілді.

news_big_f2182212cafafc44ab4ac194025ab08b

Бұл туралы “Қайрат” футбол клубының ресми сайты хабарлайды.

“Қайрат” футбол клубының жұлдызды ойыншысы Андрей Аршавин және команда ойыншылары Рифат Нұрмұханбет, Тимур Рудосельский, Ермек Қуантаевтар қайырымдылық шарасына қатысты.

“Мен жаныңдамын!” қайырымдылық жобасы мүгедек балалар мен олардың отбасы, жалғызбасты аналар жағдайын көтеріп келеді.

“Мен жаныңдамын!” деген сөз мүмкін емес нәрсе жоқ, әркез тығырықтан шығатын жол бар дегенді меңзейді”, – дейді ұйымдастырушы Анна Төкішева.

“Осы жобаны ұйымдастырып, бізді шақырған адамдарға алғысымыз шексіз. Мұндай шараларға қуана-қуана атсалысамыз. Олардың армандары орындалуы үшін әркез көмекке әзірміз. Ешқашан берілмеу керек”, – деді “Қайрат” ФК жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин.

Осы жобаға қатысушыларға футболшылар 200 доп тарту етті. Балалар сыйлықтарды қуана қабыл алып, естелік суретке түсті.

Осыған дейін қазақстандық әзілкештер Андрей Аршавинге әзіл өлең арнаған болатын. Ал футболшы қазіргі таңда Алматыдағы Esentai тұрғын үй кешенінде тұрып жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар