Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы сауда қоймаларының бірінен заңсыз сүт өнімдері табылды

Алматыдағы сауда қоймаларының бірінен шығарылған уақыты мен сақталу мерзімі көрсетілмеген сүт өнімдері табылды.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Белгілі болғаны, бұл тауарлар Қырғызстаннан әкелініп отырған. Бірақ оны Қазақстан аумағына кіргізуге және сатуға ресми рұқсаты жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық қызмет мамандары «Шарапат» қоймасынан табылған 120 келіден астам тауардың көзін жойды.

Айта кетейік, 10 қазаннан бастап қазақ-қырғыз шекарасында тексеріс күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр. Соған сәйкес 6 шекаралық бекетке 32 ветеренарлық инспектор жұмылдырылған.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік өнертапқыш қазақ әрпін латынға аударудың тиімді жолын ойлап тапты

Енді «шуба» жарнамалағандар жауапқа тартылады

Ақмола облысында мамонттың сүйектері табылды

Әліпби оқимыз: латынға арналған бейнеролик жарияланды

Талқылау