Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұшақ апатына ұшыраған екінші дәрігердің денесі бүгін қара жер қойнына берілді

Кісі өмірін құтқарамын деп қызмет бабында қаза тапқан Жәнібек Артықбаевты әріптестері үлкен құрметпен Кардиология институтының шаңырағынан шығарып салды,-деп жазды КТК арнасы.

Кілең жүрек ауруларын емдейтін мекемеде бүгін жүрегі ауырмаған адам жоқ. Медицинаның мықтыларынан бастап, қарапайым жас маманға дейін көзіне жас алған.

Өйткені, марқұм көзі тірісінде үлкенге де, кішіге де қамқоршы болған екен. Әріптестерін ақтық сапарға шығарып салуға дәрігерлерден бөлек Артықбаевтың арқасында аман қалған пациенттері де келіпті. Жиналғандар марқұмның артында қалған жұбайы мен екі ұлын жұбатуға тырысып жатыр.

Дегенмен, ай мен күннің аманында азаматынан айырылған жесірдің қайғыдан жасы тыйылған жоқ. Ал мамандарының қатары бір мықтыға азайған ғылыми институт алдағы уақытта Жәнібек Артықбаевтың атымен аталуы мүмкін. Жаназаға келгендердің жалғыз тілегі осы болды.

«Жәнібектің осылай болады деген ешкімнің ойына да келген жоқ. Ол адал еңбегімен адамды көмектесу, құтқаруға ұшып бара жатқанда  осындай жағдайға ұшырағаны бізге өте қайғылы. Біз Жәнібекті есте сақтаймыз және не себептен болғанын білгіміз келеді»,-дейді Жүрек тамыры хирургиясының профессоры Төлеген Енембердиев.

Оқи отырыңыз:

Мұхтар Алтынбаевтың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Бауыржан Байбек ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Нығматулин министрге: Заң жобасына сенеміз бе, әлде сіздің жауабыңызға ма?

Сапарбаев президент екеуінің арасында болған әңгімені көпшілікке айтты

Ресей Марат Тәжинді мемлекеттік орденмен марапаттады

 

Талқылау