Алматыда есірткі сатқан 75 жастағы әже сотталды

Дүйсенбі, 31 Қазан , 2016 21:53

75 жастағы алматылық кейуана есірткіні заңсыз сақтағаны және сатқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Қазақпарат  Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

dr5

«Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297 бабының 3 бөлігі 3 тармағы бойынша (есірткі заттарының заңсыз айналымы) қылмыс жасаған А-ға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Сот 2016 жылы 31 шілдеде А. С-ға жалпы салмағы 0,23 грамм ірі мөлшерде «героин» есірткісін 4 000 теңгеге заңсыз сатқаны анықтады», – делінген хабарламада.   Бұдан басқа, 2016 жылғы 2 тамызда А-ның үйінде куәгерлердің қатысуымен жүргізілген тінту барысында жалпы салмағы 4,21 грамм аса ірі мөлшерде аталған есірткі құралы табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен А. ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабының 3 бөлігі 3 тармағында  көзделген қылмысты жасады деп танылды және оған мүлкін тәркілеу және қатаң режімдегі түзеу колониясында жазасын өтеу үшін  13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 14 бабының 2 бөлігі 2 тармағы негізінде А. әрекетінен қылмыстың қауіпті белгілері танылды. Үкім күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкент жүргізушілері жол көлік оқиғасының жиілеуіне қатысты құдайы тамақ берді

Жамбыл облысында биіктен құлап мүгедек болып қалған азаматқа шұғыл көмек қажет

Өскеменде сатушы тоқаштарды лақтырып қаруланып келген ұрыны қуған

Семейде жүкті әйел мен құрсақтағы сәбиді көліктегі фельдшер жігіт аман алып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 7 күні кері

Алжиын деген шыгар.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар