Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 21 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатына қатысты сот аяқталды

«Скат» әуе компаниясы ұшу қызметінің директоры бес жылға бас бостандығынан айырылды. 21 адамның өліміне кінәлі деп танылған Вячеслав Артеменко жазасын қоныс колониясында өтеуі тиіс. Сондай-ақ, оның екі жылға дейін азаматтық авиация саласында қызмет етуіне де тыйым салынды, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

4b6a9841-7029-460a-8a1d-7d183978749e

Фото: (с) Today.kz, Алмаз Толеке

Вячеслав Артеменко Қылмыстық Кодекстің 295-бабы екінші тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Кепілдікпен бостандыққа жіберу туралы бұлтартпау шарасы қамауға алу шарасына ауыстырылсын, – дейді судья Нариман Бегалиев.

Осылайша Вячеслав Артеменконың қолына дәл сот залында кісен салынып, қарауылдар алып кетті. Бірнеше айға созылған процесте оның ұшақ апатына кінәлі екені толық дәлелденген. Бұдан бөлек,  сотталушыдан түрлі сараптама жасауға жұмсалған бір жарым миллион теңге қаржы өндіріледі. Ал жақындарын жоғалтқан қос жәбірленушіге әуе компаниясы екі миллион теңгеден өтемақы төлеп, кәмелет жасына толмаған балаларын ержеткенше қамқорлыққа алуы тиіс. Қалған 14 марқұмның туыстары «Скатпен» бейбіт келісімге келген.

2013 жылдың 29 қаңтарында Көкшетаудан көкке көтерілген  Челленджер-200 ұшағы Алматы маңында апатқа ұшыраған болатын. Борттағы 16 жолаушы мен бес экипаж мүшесі түгел қаза тапты.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы маңында “Скат” ұшағының апат болуына авикомпанияның ұшу қызметі директорының айыпталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау