Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы 1-курс студентінің өліміне күдікті ақша бопсалаған болуы мүмкін

Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің жатақханасындағы төбелестен қайтыс болған студент Дидар Болысбектен Тойчибек Асамов ақша бопсалаған болуы мүмкін.

photo_212614

Бұл мәліметті Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлап отыр. Қазір Дидар Болысбектің өліміне қатысы бар деген күдіктіге екі ай мерзімге бұлтартпау шарасы тағайындалған. Үкімді Бостандық ауданының нөмірі 2-сотының судьясы Әділ Бакин шығарды. Енді күдікті Тойчибек Асамов 12маусымға дейін тергеу изоляторында болады.

«Қаланың Бостандық ауданының нөмірі 2-соты күдікті Тойчибек Асамовқа 2 айға қамауға алуға үкім шығарды. Қазіргі таңда аталған  дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі яғни «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» және 194-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша жүргізіліп жатыр», – деді  қалалық сот баспасөз қызметінің басшысы Диас Махамбетов.

Күдікті университеттің 20 жастағы студенті болып шықты. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасын тәртіп сақшылары 12 сәуір күні ұстаған.

Еске сала кетейік, жатақханада болған жаппай төбелестен 17 жастағы студент қайтыс болған еді. Ал болған жайтқа Дидар Болысбектің туған-туыстары университет басшылығын кінәлап отыр.

«Алматыдағы Аграрлық университте осындай сорақылықтың болатынын көп адамнан естимін. Бәрі онда оқу мүмкін емес, күн сайын жатақханада төбелес, күнде біреуді ұрып кетеді деп айтады. Дидарда бәрі дұрыс еді. Олай болмаған жағдайда баламыз Таразға әр демалыс келмес еді ғой. Біз оған қосымша ақша беріп жүретінбіз. Бірақ оған ол да жетпейтін», – деді Болысбектің ағасы Жарас Атығаев.

Тағы да оқыңыз: 

Әкім Сапарбаев резеңке етікпен су басқан ауылдарды шолып шықты (фото)

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыз билікке үндеу жолдады (видео)

«Қазсушар» бөлімшесінің басшысы: Судың келуін иіскеп біле алмаймыз

Талқылау