Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы іргесінде жоғалған 62 жастағы кейуана сол күйі табылған жоқ

Алматы іргесіндегі Кеңдала ауылында жоғалған 62 жастағы әйел 1 айдан бері әлі табылған жоқ.

111_0

Кейуана 4 тамызда таңғы сағат 8-дерде үйінен шығып, содан бері оралмаған. Қадиша Түсіпованы бала-шағасы мен туыстары шарқ ұрып іздестіруде. Одан қалды 50-ден астам ерікті де қол ұшын созған. Олар ауыл маңын түгелдей сүзіп шығып, ауруханалар мен мәйітханаға да сұрау салыпты. Алайда, еш нәтижесіз. Әжейден мүлдем хабар-ошар жоқ. Осы тұста Қадиша Түсіпованың туыстары тәртіп сақшыларының немқұрайлығына налыды.

«Полиция деген қазір білмеймін, 2-ақ опер бар екен. Іздестіруші топтан. Олардың жұмысына көңілім толмайды. Себебі, немқұрайлық көрсетіп тұрған сияқты. Біз міне қарап жатырмыз деп бір қағаздарды көрсетеді, ол қағазды біз не істейміз? Біз анамызды жоғалтып отырмыз. Білмеймін даже, ойыма ештеме де келмейді, жақсы ой да келмейді»,- деді Түсіпованың қызы, Меруерт Әбілқасымова.

Айта кетсек, жоғалған әжей “Паркинсон” ауруына шалдыққан және дәрінің көмегімен жүріпті. Ал, кетерінде өзімен мүлдем дәрі-дәрмек алмаған.  Сондықтан, бала-шағасы аналарының денсаулығына алаңдап, оны тездетіп табу үшін қайырымды жандардан көмек сұрауда.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандықтар жеке құжаттарын ұялы телефоннан көрсететін болады

Алматыда қос сәбиді тоңазытқышқа тыққан қаскөй оларды жылап мазасын алғаны үшін өлтірген

Семейде жас келіншек 3 жасар баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді

Талқылау