Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы-2 вокзалында жолаушылар вагоны өртенді (видео)

Алматы-2 вокзалында жолаушылар вагонынан өрт шығып, оқиға болған аймаққа төтенше жағдай қызметкерлері жедел жеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170119100539

“19 қаңтар күні сағат 08:40 шамасында Алматы қалалық ТЖД “101” кезекші бөліміне Алматы-2 теміржол вокзалында бекеттің қосымша жолында орналасқан қосалқы жолаушылар вагонының өртенгені туралы хабар келіп түсті. Барлық құтқарушы күш бірден жұмылдырылды. Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орынына сағат 08:51-де жетті. Өртке қарсы қызмет өкілдері түтін басқан вагон ішінде адамдардың жоқтығын және өрттің шығу себептерін тексерді. Өрт сағат 09.10-да сөндірілді. Өрттің шарпыған аумағы 20 шаршы метрді қамтыған”, – деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхмбетова.

Оқиға салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын-ала дерек бойынша, жағылған пештің қараусыз қалдырылуы салдарынан өрт шыққан болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Қырғызстанда ұшақ тура ауылдың үстіне құлады (фото, видео)

Шымкентте көлік жүргізушісі анасын үш баласымен қосып қақты

Көкшетауда бағанға соғылған көлік екіге бөлініп кетті

Талқылау