Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау балабақшасындағы жанжал: Балабақша директоры өз нұсқасын айтып берді

Ақтаудағы жекеменшік балабақшада тәрбиешісінің өзінің соққы жегенін айтып айыптағанына қатысты балабақша басшысы Гүлжанат Мұратбаева пікір білдіріп, не болғанын айтып берді, деп хабарлайды «Время» газетіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтау балабақшасындағы жанжал: Балабақша директоры өз нұсқасын айтып берді

Ата-аналар мен тәрбиешілердің сөзінше, дау-дамай әйелдің балабақшадағы балаларға берілетін тамақты видеоға түсіргенінен басталған. Бұл туралы білген директоры оған тап беріп, ұрып-соғып, самайынан саптыаяқпен ұрған.  Салдарынан тәрбиеші Асыл Өтепова ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген Гүлжанат Мұратбайдың айтуынша, ол қызметкерін ұрмаған, ал видео жалған болып табылады.

Директордың айтуына қарағанда, қызметкерлер арасында жанжал туындағандықтан, оны балабақшаға шақырған. Ол келген кезде зардап шеккен тәрбиеші пен аспаз ұрысып жатыпты. Аспаздың жасы келген және естуге арналған құрылғы пайдаланады екен. Сол кезде мән-жайды анықтамақ болдым, дейді балабақша директоры.

«Артынша тәрбиеші мені шашымнан ұстап алды, мен де оның шашынан шап бердім. Бізді арашалап алды. Сол кезде қашып кеттім. Мен оған ештеңе лақтырған жоқпын. Мұны кім жасағанын білмеймін. Қайтып келгенімде оның қансырап тұрғанын көрдім», – дейді Гүлжанат Мұратбай.

Кімдікі дұрыс, кім кінәлі, мұны тергеушілер анықтайды. Балабақша директоры да, тәрбиеші де құқық қорғау органдарына шағымданған.

Еске сала кетсек, Ақтаудағы “Айналайын” балабақшасында түсірілген видео әлеуметтік желіде тез таралып, көрген адамды бей-жай қалдырмады. Балабақша тәрбиешісі мен директорының жұдырықтасуы салдарынан тәрбиеші бас жарақатын алып, бастығына ұрып-соғу бойынша айып таққан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау