Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолада экс-әкім ауылдасын өлтіргенін мойындамады

Ақмола облысында экс-әкім Владимир Рагозныйдың ісі бойынша сот отырысы басталды. Курск ауылының бұрынғы басшысы өз ауылдасын өлтірді деп күдікке ілінген еді. Алайда бұрынғы шенеунік те, оның сыбайласы да кінәсін мойындамай отыр. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ақмолада экс-әкім ауылдасын өлтіргенін мойындамады

Оқиға наурыз ауында болған. Әкім жергілікті кәсіпкерді неге екені белгісіз түнгі сағат 2-де үйіне шақырған. Бірнеше сағаттан соң Баржақсы Жәмішов әкімнің көлігінен ес-түссіз жатқан күйінде табылды. Кейіннен ол көз жұмды. Ол кезде шенеунік ауылдасының өз еркімен көліктен секіріп кеткенін мәлімдеген болатын. Алайда туыстары тәуелсіз сараптама жасатып, тіпті марқұмның мүрдесін эксгумациялаған.

Екінші күдікті де жергілікті тұрғын, 28 жастағы Азамат Абилхадиров. Екеуі адам өліміне әкеп соқтырған қасақана денсаулыққа зиян тигізу бабы бойынша айыпталып отыр.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, болған оқиғаға дейін күдіктілер мен марқұмның арасында түсініспеушілік туындаған.

“Екі сараптама нәтижесі де бауырымның жарақат алғанын көрсетті. Ол құлағаннан мұндай жарақат ала алмайды. Екеуі де кінәларын мойындамай отыр”, – дейді марқұмның әпкесі Гүлсін Тасеменова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау