Ақмола облысында 78 жастағы атай дүркіретіп үйлену тойын өткізді
Ақмола облысында 78 жастағы атай 58 жастағы әйелмен отау құрды. Тіпті дүркіретіп той өткізіп те үлгеріпті.
Сурет blogspot.com
Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.
Әділет департаментінің мәліметінше, Ақмола облысында биылғы жылдың 4 айында 450 жұп үйленген. Шетелдіктермен некелескендер саны – 87. Үйленген ерлердің орта жасы – 30 болса, әйелдердікі – 28.
“Ең жас отау құрғандар – жігіт – 17, ал қыз – 16 жаста болды. Ал некелескендердің ішіндегі ең үлкені 78 жастағы ата мен 73 жастағы әйел дейді”, – әділет департаменті бөлім басшысы Бота Сейфуллина.
Демографиялық тұрғыдан бұл облыс қуанта алады. Осы уақыт ішінде 4926 сәби дүние есігін ашқан. Ал былтырғы жылы 4700 бала туылған еді. Сондай-ақ, ажырасқан жұптар саны да азайған.
Талқылау