Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанның кедей штатының тұрғындары егеуқұйрық жеп күн көруде

Үндістанның Бихар штатының 28 жастағы тұрғыны Ракеш Манджи егеуқұйрық аулап алған. Оны ұстап алуға көршісі көмектескен екен.

Бұл адамдар ара-тұра фермада жұмыс істейді. Бірақ тұрақты жұмыстары жоқ. Бос уақыттарында егеуқұйрық аулаумен айналысады. Олар штатта өмір сүруге жағдай жасалмағанын айтуда. Тіпті, штат тұрғындары еденде ұйықтайды екен.

Олар кедей саналатын мусахаралар табына жатады. Аталған таб өкілдеріне биліктен әлеуметтік көмек берілмейді және ғибадатханаға баруға тыйым салынған. Тіпті суды құдықтан алып ішеді.

Балалары өзгелерінен бөлек мектепте оқиды. Олардың жақсы мамандық иеленуі де сирек. Сондықтан олар бос уақытында егеуқұйрық аулауға мәжбүр.

Жоғары таб өкілдері кедейлерді үнемі кемістеді екен. Бірақ олардың бұлай тіршілік етуден өзге амалы жоқ.

Оқи отырыңыз:

Ирландиялық әжей жаңа жылдық шыршаны әйелдерге арналған іш киіммен безендіріп қойған

Британиялық әйел Рождество мейрамында қайтыс болған анасының мәйітінен тамақ жасап жемек

Біз күнделікті қолданып жүрген мұнайдан жасалған 9 зат

2017 жылдың ең күлкілі жануарларының суреттері жарияланды

Талқылау