Зумер, миллениал әлде бумер: Кімдер көп айлық алады
Фото: Stan.kz
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 16–24 жас аралығындағы ең жас жұмысшылар басқа жас топтарымен салыстырғанда ең төмен жалақы алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының қараша айының басында жариялаған есебіне сәйкес, Z буыны өкілдері 2025 жылы орта есеппен айына 279,9 мың теңге табады. Ал басқа жастағы қызметкерлердің орташа номиналдық жалақысы 400 мың теңгеден асады.
“Жас топтары бойынша алғанда ең жоғары табыс табатындар — миллениалдар, яғни 80-жылдардың басынан 90-жылдардың ортасына дейін туған адамдар. БНС статистикасына сәйкес, бұл санатқа 25–34 жас және 35–44 жас аралығындағы екі топ жатады. Олардың ішінде әсіресе, 35–44 жас аралығындағы, әдетте көп жылдар бойғы жұмыс өтілі бар қызметкерлер ең жоғары орташа номиналды жалақы алады. Биыл бұл көрсеткіш 455,1 мың теңгеге жеткен”, – делінген есепте.
Еnergyprom.kz басылымы жазғандай, миллениалдардан сәл төмен табыс табатындар — 45–54 жас аралығындағы X буын өкілдері. Олардың орташа жалақысы 430 мың теңге шамасында.
Ал жасы үлкенірек қазақстандықтардың табысы бұдан төмен — 377,4 мың теңге. Елімізде жұмыс істейтін зейнеткерлер орта есеппен 337,3 мың теңге айлық алады.
Айта кетейік, түрлі жас топтары бойынша орташа номиналдық жалақының өсуі бірдей үрдістерге ие. Ең жақсы өсім ең жоғары жалақы алатын санаттарда байқалады — 35–44 жас аралығындағыларда (жылына 14,5%) және 45–54 жас аралығындағыларда (15,3%). Ал ең аз өсім зейнеткер жастағы қызметкерлерде тіркелген – жылына небәрі 5,9%.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді