Зүлфия Чиншанло халықаралық жарыста күміс медаль иеленді
Қазақстандық спортшы Зүлфия Чиншанло ауыр атлетикадан халықаралық кубокта 2-ші орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Ауыр атлетика бойынша жарыс онлайн режимде өтті. Ол Өзбекстан Республикасының тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Зүлфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысты. Қоссайыс нәтижесі бойынша спортшы 200 кг (85+115) салмақ көтерді.
Алтын медальді өзбекстандық Муаттар Нәбиева (205 кг) иеленді. Үшінші орынға польшалық Йонна Лочовска 185 килограмм көтеріп, жайғасты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”