Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан ел чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаз атанып қана қоймай, серпе көтеруде жеке нәтижесін де жақсартты.

вмвм

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Зульфия Чиншанло Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында өз салмақ дәрежесінде (53 келі) емес, 58 келіде өнер көрсетті. Алдымен жұлқа көтеруде 100 келімен шектелді. Ал серпе көтеруде 137 келіні бағындырып, жеке нәтижесіне түзету енгізді.

“Жағдайым жақсы. Шараны көруге келгендерге алғысым шексіз. Қазақстандық жанкүйерлер өте мейірімді. Штанганы көтерген кезімде үнемі айғайлап отырады. Осындай кезде қатты қуанамын, барлығына алғысым шексіз”, – деді Чиншанло.

Сонымен қатар, ол Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дайындығы жөнінде айта кетті.

“Екі ай қалды. Соңына дейін шыдау керек. Бастысы – жарақат алып қалмау. Мен өзіме сенемін!” – дейді Чиншанло.

Айта кетейік, осыған дейін Олимпиада чемпиондары Зульфия Чиншанло мен Илья Ильиннің қанынан допинг табылғаны хабарланған болатын. Ал сәл кейінірек Ауыр атлетика федерациясы допинг күдігі бойынша жауап берді.

Талқылау