Пекин мен Лондон Олимпиадаларына қатысқан бес қазақстандық допинг күдігіне ілінді

Сенбі, 4 Маусым , 2016 14:30

Пекин (2008) мен Лондон (2012) олимпиадаларына қатысқан қазақстандық бес спортшының сынамасы күдік тудырған. Бұл туралы Қазақстан ұлттық олимпиада (ҰОК) комитетіне сілтеме жасай отырып Азаттық радиосы хабарлайды.

Ильин

ҰОК Халықаралық олимпиада комитетінен бұл туралы хабар алғанын және қазақстандық спортшылардың «Б» допинг сынамасын қосымша тексеру процедурасы басталғанын да растады.

Қазіргі таңда «Б» допинг сынамалары Халықаралық олимпиада комитеті мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) процедураларына сай қосымша тексеріліп жатыр.

Қазір Қазақстан өкілдерінің қатысуымен Лозанна (Швейцария) қаласында, «Б» допинг сынамаларын ашу және тексеру процедуралары өтіп жатыр. Халықаралық Олимпиадалық комитетінің регламентіне сәйкес аталмыш процедура құпия сақталады.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті қайта тестілеу процедуралары аяқталып, тексерулердің ресми нәтижелері мен хабарландыру келген кезде ғана ресми ақпарат бермек.

Осыған дейін China Post басылымы Лондон олимпиадасында Қазақстан құрамасынан алтынға ие болған Зүлфия Чиншанлоның сынамасын қайта тексергенде допинг табылған деген хабар таратқан. Сондай-ақ италиялық басылымдардың бірі екі мәрте олимпиада чемпионы атанған қазақстандық Илья Ильиннің сынамасынан да допинг іздері табылғаны туралы жазған.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар