Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүлде қоры 6,3 миллион еуро: Қазақстанның бірінші ракеткасы халықаралық турнирдің келесі кезеңіне шықты

Александр Бублик Фото:АТР

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP Masters турнирінің үшінші кезеңіне өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жалпы жүлде қоры 6,3 миллион еуродан асатын жарыстың екінші айналымында Бублик француз теннисшісі Гаэль Монфисті сенімді түрде 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Ойын барысында қазақстандық спортшы маңызды сәттерде басымдық көрсетіп, матч тағдырын өз пайдасына шешті.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик тарихи межені бағындырды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик тарихи межені бағындырды

Оқыңыз

Бұған дейін қос теннисші өзара үш рет ойнаған. Сол ойындардың нәтижесінде Монфис 2:1 есебімен алда болған. Дегенмен Александр бұл жолы қарымта қайтарып, Монте-Карлодағы маңызды маңызды матчта жеңіске жетті. Келесі айналымда Бублик Чилиден Алехандро Табило мен Чехиядан Иржи Лехечка арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 08 Сәуір, 2026 16:50