AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ": Бас көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтары жөнінде пәндік алқа өткізді

Бүгін бас прокурор Берік Асыловтың тапсырмасына сәйкес Бас көлік прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселесі бойынша пәндік алқа өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полицияя

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсталғандар мен қамаудағыларға адамгершілікке жат қысым көрсету сияқты ортағасырлық құбылыстарды түбірімен жоюдың маңыздылығын айтқан.

Бас прокурор Берік Асылов та парламентте сөйлеген сөзінде адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттердің әрбір фактісі бойынша объективті және жан-жақты тергеу қамтамасыз етілетінін атап өткен.

Іс-шара еліміздің конституциясында кепілдік берілген адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің мүлтіксіз екендігі туралы әрбір қызметкерге жеткізу мақсатында Көліктегі полиция департаментінің ғимаратында ұйымдастырылды.

Отырыс қорытындысымен қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын бұзуға жол бермеуге бағытталған бірқатар бірлескен шаралар қабылданды.
Атап айтқанда, жеткізілген адамдарды электрондық есепке алу, құқық қорғау органдарының ғимараттары мен қызметтік үй-жайларын жаппай бейнебақылаумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Аудандық көлік прокурорлары проблемалық мәселелерді анықтау және азаптауды жою бойынша бірлескен іс-қимылдар әзірлеу үшін құқық қорғаушылармен және адвокаттық қоғамдастықпен кездесулер өткізуде.

Көлік прокуратурасы органдарының үйлестіруімен қылмыстық істерді цифрландыру саясаты белсенді іске асырылуда, оның үлесі бүгінде 88% - дан асады.

Қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу қылмыстық қудалау органдарының негізгі процестік шешімдер қабылдау сапасын арттырды.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр