Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зорлық" жасады деп айыпталған белгілі актер Депардьеге 20 жылға дейін түрме қаупі төніп тұр

Reuters.сom Жерар ДепардьеФото: Reuters.сom

Жерар Депардьеге "зорлау" ісі бойынша сот өтпек. Оған 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW Главное арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

76 жастағы актер 2018 жылы әріптесі Шарлотт Арнуды зорлады деген айып тағылды. Ол кезде актриса небәрі 22 жаста болған. Арнудың айтуынша, әкесінің досы болған Депардье оны Париждегі өз үйінде екі рет зорлаған. Актриса бұл жайында полицияға арызданған, бірақ алғашқы тергеу сотқа жетпей тоқтап қалған.

2020 жылы Арну жаңа шағым түсірді. Содан бері депардье қылмыстық қудалау астында. 2024 жылы Париж прокуратурасы істі сотқа жеткізуді талап етті.

Жерар Депардье айыптарды жоққа шығарып, актрисамен қарым-қатынасы өзара келісім негізінде болғанын алға тартады. Алайда Париж прокуроры "істі растайтын айғақтар бар" екенін мәлімдеді. Егер кінәсі дәлелденсе, актерге 20 жылға дейін түрме жазасы берілуі мүмкін.

2025 жылдың мамыр айында Париж соты Жерар Депардьені басқа іс бойынша жыныстық бопсалау дерегі үшін кінәлі деп тапты. "Зеленые ставни" фильмі түсіріліп жатқан кезде, 2021 жылы екі әйел актердің өздеріне тиісіп, ыңғайсыз жағдай туғызғанын айтқан. Сол іс бойынша Депардье 18 ай шартты жазаға кесілді.


"Басын шелекке тыққан": Ақтауда ер адам балаларына экс-жарының азаматтық некедегі күйеуі зорлық-зомбылық көрсеткенін айтты


Қырғызстанда қайын атасы келінін 1 жыл бойы зорлап келген: Кейін әйел одан бір бала туған


Еске салайық, бұған дейін Жерар Депардье француз киносының аңызы саналатын актер, "Сирано де Бержерак", "Обелиск пен Астерикс" сияқты фильмдердегі рөлдерімен әлемге танымал. Соңғы жылдары Жерар бірнеше рет сексуалды зорлық-зомбылық жасады деген айыптауларға ілікті. 2018 жылы актриса Шарлотт Арнуды зорлады деген күдікпен тергеліп, 2020 жылы ресми айып тағылған. Бұған қоса, тағы жиырмадан астам әйел актердің анайы қылықтары туралы мәлімдеме жасаған. Депардье барлық айыптарды жоққа шығарып, өзін кінәсіз деп санайды.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 03 Қыркүйек, 2025 11:19
Талқылау