Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зорлау туралы айтайықшы": Айжан Байзақова еркектер қандай қыздарға күш көрсететінін айтып берді

Айжан Байзақова еркектер қандай қыздарға күш көрсететінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Digistan бағдарламасына сілтеме жасап.

Зорлау туралы айтайықшы: Айжан Байзақова еркектер қандай қыздарға күш көрсететінін жеткізді

Атышулы ару соңғы кездері әлеуметтік желіде әйелдердің құқығы, теңдігі туралы жиі жазатын болып жүр. Әсіресе пойызда зорланған келіншектен кейін блогер өз ойын еркін білдіріп, зорлықшыларды қатаң жазалағанын қалайтынын жеткізген. Ол өзінің жазбаларын түсіндіріп берді. 

"Зорлау туралы айтайықшы. Мен әйелдерді зорлауға қатысты, ер адамның әйелді ұрғаны туралы жиі саламын. Көптеген келіншектер өтініш айтады, мен ондай еркектердің суретін де сала аламын. Содан бәрі маған "Неге әйелдерге сонша араша түсесің? Сені біреу зорлады ма? Жігітің соғады ма?" деп сұрақ қояды", - дейді Айжан Байзақова. 

Айжан Байзақова ер адамдардың қандай қыздарды зорлайтынын айтып берді. Өзіне жігіттерінің біреуі дауыс көтеріп көрмегенін жеткізген ол, жанжалдан құтылудың жолын да айтып берген. 

"Менде қанша қарым-қатынас болса да ер адам ұрмақ түгілі, дауыс көтеріп көрген емес. Мен ұрыс басталса, үш күн көріспейік, содан кейін ғана шешеміз деп айтамын. Мен әйелдермен төбелесіп көрген емеспін. Негізі қорғаны жоқ келіншектерді зорлайды", - дейді Айжан Байзақова. 

Талқылау