Зорлап, адам өлтірді: Талғарда 2 жастағы қызды ұрлап кеткен ер адам 11 бап бойынша айыпталды

Фото: Іnstagram.com/stories/advokat_saryyeva
Тергеушілер әйелді зорлап, алам өлтіріп, екі жасар қызды ұрлаған күдіктіге қатысты фактілері істі аяқтады. Бұл жағдай Талғар халқын дүр сілкіндірді. Күдіктіге қылмыстық кодекстің 11 бабы бойынша айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Адвокат Асылбек Абдраимов әріптесі Жандос Палмановпен бірге іс материалдарымен танысуға кірісті.
“Барлық қажет тергеу әрекеттері мен сараптамалар аяқталды. Іс тараптарға танысу үшін жолданды”, – деді адвокат.
Басты күдікті – азамат Е Қылмыстық кодекстің 11-бабы бойынша айыпталды:
-
99-бап, 2-бөлім, 7-тармақ — “Адам өлтіру, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы”;
-
125-бап, 3-бөлім, 2-1-тармақ — “Кәмелетке толмағанды қатыстыру арқылы адам ұрлау”;
-
120-бап, 1-бөлім — “Зорлау”;
-
121-бап, 1-бөлім — “Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер”;
-
190-бап, 3-бөлім, 4-тармақ — “Алаяқтық, адамдар тобы болып жасалған”;
-
147-бап, 5-бөлім — “Бостандықтан заңсыз айыру”;
-
149-бап, 2-бөлім — “Тұрғын үйге заңсыз кіру”;
-
115-бап — “Өлтіремін деп қорқыту”;
-
287-бап, 3-бөлім — “Қаруды заңсыз жасау”;
-
288-бап, 1-бөлім — “Қаруды заңсыз сақтау”;
-
132-бап, 4-бөлім — “Кәмелетке толмағанды қылмыс жасауға тарту”.
Бұл іс бойынша екі кәмелетке толмаған – А мен К де жауапқа тартылған. Оларға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды:
-
99-бап, 2-бөлім, 7-тармақ — “Адам өлтіру, адамдар тобы болып жасалған”;
-
125-бап, 3-бөлім, 2-1-тармақ — “Кәмелетке толмағанды қатыстыру арқылы адам ұрлау”.
Айта кетейік, Талғарда ер адамға оқ атып өлтіріп,екі жасар қызын ұрлап кеткен еді. Кейіннен бүлдіршін аман-есен табылып, күдікті қолға түскен. Сотталушы қамауға алынып, оның қылмыс үшін қолданған қаруы тәркіленді. Ал өзі қамауға алынды.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді