Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зорлағанымен қоймай, ақшасын алып кеткен: Бойжеткен өзінің зорланғанын оянған соң бір-ақ білген

Такси жүргізушісі қызға қорлық көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпаратт агенттігі "Бір сұрақ?" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Зорлап, 158 мың теңгесін алып кеткен: Такси жүргізушісі қызға қорлық көрсетті

Аида Айсарова есімді ару таксиде талып қалып, өзін такси жүргізушісі зорлап кеткенін айтады. Өткенін қорқынышпен есіне алған ол қылмыскердің зорлап қана қоймай, үлкен көлемдегі ақшасын ұрлап кеткенін жеткізді. Өзін қорлаған адамның үстінен арыз жазғаннан кейін, қылмыстық іс қозғалған. Алайда, бастапқыда барлығы жақсы екенін айтып сендірген тергеуші артынан қыздан кешірім беруін өтінген көрінеді. 

"Бұл оқиға 2016 жылы 11 маусым күні  болды. Мен өзімді жайсыз сезінген соң, достарым таксиге отырғызған еді. Көлікте естен танып қалдым. Есімді жиған кезде мені такси жүргізушісі зорлап тастағанын білдім. Ол аздай менің әмиянымнан 158 мың көлеміндегі қомақты ақшамды ұрлап алыпты. Жарты жылдай ақиқатты дәлелдей алмадым. Олар мені бітімге келуге мәжбүрледі. Мені қорлаған адам мен туыстарына телефон нөмірім мен мекен-жайымды беріпті. Тусытары мені қорқытты", - дейді Аида Айсарова. 

Қорғаушысы Аиданың жағдайында сотқа дейін қалай барғаны туралы айтып берді. Дегенмен, айыптының кінәсі дәлелденсе де, абақтыға қамалмаған. Қазіргі таңда көлік жүргізушісі сот шешімі бойынша шартты түрде жазасын өтеп, бостандықта жүр. 

"Аида келген кезде қорыққаннан талып қала берді. Сосын мен "Енді талатын болсаң, сотқа бармаймын" дедім. Не болды деп сұрасам, басында тергеуші "Бәрі дұрыс, дәлелденген" деп айтқан екен. Сосын біраз уақыт өткеннен кейін тергеуші өзін жеке шақырып, алдап, кешіре сал, сотқа жібермеймін деп айтқан. Сосын мен алдым да "Қалай жібермейсің? Қазір өзіңнің үстіңе арыз жазамын" дедім. Бір күннің ішінде Аиданың ісін сотқа жіберді. Содан кейін ана жігіт келіп мойындамаймын дейді. Қалай мойындамасын? Дәлел бар болғандықтан ол сотта мойындады", - дейді Аиданың қорғаушысы.  

Талқылау