7 жасар баланың ресми өкілі: Әжейді немересімен полицияға күштеп жеткізіп, түсінбейтін құжатқа қол қойғызды
Оңтүстік Қазақстан облысында жоғары сынып оқушылары зорлады деген жеті жасар баланың ресми өкілі Құрманғазы Мүсір баланы әжесімен бірге Шымкент — Алматы бағытындағы пойыздан түсіріп алып, ОҚО ішкі істер департаментіне жеткізген полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне түсініктеме берді.
Фото: Серікжан Қобыланбаев
Құрманғазы Мүсір Алматыға немересімен бірге жол тартқан әже қоңырау шалып, көмек сұрағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik.
“Мен, Құрманғазы Мүсір кәмелетке толмаған баланың, оның отбасы мен әжесінің ресми өкілімін. Алматыда тәуелсіз сот-медициналық сараптамадан өтуді жоспарлаған едік, алайда ІІД бастығы Дәлбековтың басқаруындағы полиция зардап шегушілерді (әжейді баласымен – ескерт.) еркінен тыс ІІД ғимаратына жеткізіп, оларға өздеріне түсініксіз құжаттарға қол қоюға мәжбүрледі. Менің кәмелетке толмаған сенім білдірушімді қайда жеткізгені жайлы жақ ашпай отыр”, — деп хабарлады Мүсір.
Ал облыстық ІІД қызметкерлері оларды пойыздан баланың қауіпсіздігі үшін түсіріп алдық деп отыр.
Полицияның мәліметінше, ІІД-ге отбасы, балалар мен жастар істері басқармасынан зардап шегуші баланы оның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру туралы өтініш түскен.
Тағы оқыңыз:
Аудандық білім бөлімінің басшысы: 7 жасар бала шынымен зорланған болса, мен қызметімнен кетем
Сені қатты жақсы көрдім: Жүкті әйелдің күйеуіне жазған хаты жұртты жылатты
Министр депутаттардың қазақша сұрағын түсіне алмай әбден састы