Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор соты түсік жасатқаны үшін 40 жылға сотталғалы тұрған 21 жастағы Эвелин Эрнандесті ақтап шықты. Құқық қорғаушылар мұның Сальвадордағы әйелдер үшін жеңіс екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

aiel

Сурет: Getty

«Құдайға шүкір, әділдік орнады. Оқуымды әрі қарай жалғастырып, болашақта мақсаттарыма жету үшін барымды саламын. Мен бақыттымын», - деді ол сот залында процесс аяқталғаннан кейін. 

Эвелин Эрнандес сотта өзінің кінәлі емес екенін айтып ақталды. Айтуынша, ол 18 жасында зорланған кезде өзінің жүкті болып қалғанын білмеген. Сондай-ақ, ол сәбиі түсіп қалған кезде де есінен танып жатқанын айтты. Прокурорлар соттан оны 40 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сальвадордағы әйел құқығы үшін күресушілер де, шетелдіктер де оның босатылуын талап етті. 

Сальвадорда түсік жасатуға қатаң түрде тыйым салынған. Қандай жағдай болса да, мемлекетте түсік тастауға болмайды. Аталған елде түсік жасатқандар 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Ал Эрнандестің жағдайында жазасы «кісі өлтіру» бабы бойынша қатаңдатылған. Мұндайда ең кемінде 30 жыл беріледі. Эрнандестің жағдайының сотта қаралуы – мемлекеттегі алғашқы жағдайлардың бірі. 

Талқылау