Зілзаладан зардап шеккендер үшін Қазақстаннан Түркияға 100-ге жуық киіз үй жеткізілді
6 ақпанда жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияның Қахраманмараш қаласында қазақстандық алғашқы киіз үйлер тігіле бастады. Бұл жөнінде Нұрбек Бекбау өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстаннан Түркияға 100-ге жуық киіз үй жөнелтілген, оны сатып алу үшін белсенділер 20 миллион теңге жинады. Табиғи апат салдарынан баспанасынан айырылғандарға арналған киіз үйлер бірнеше күн бұрын Түркияға әкелінген. 13 ақпанда елге Қазақстаннан тағы 84 киіз үй жеткізілмек.
Нұрбек Бекбау өзінің Түркияға бірнеше күн бұрын елімізден шыққан 12 еріктімен бірге келгенін айтады.
- "Құрылысшылардың жауы қаһарманға айналды": Түркияда әкім саясатының арқасында бір қала зілзала зардабынан аман қалды
- Түркиядағы қазақстандық құтқарушыларға тамақ дайындап әкелген қырғыз әйел көпшілікті тамсандырды
"Елімай" футбол клубының атынан Түркияға тағы бір киіз үй жеткізілді. Қазақстандықтар киіз үй сатып алу үшін 20 миллион теңгеден астам қаражат жинады. 17 млн теңгеге 45 киіз үй сатып алынды. Қалған қаражат тұрмыстық заттарды сатып алуға жұмсалды. Қазақстандық кәсіпкерлер де көмектесуге бел буып, қазірдің өзінде 50-ге жуық киіз үй сатып алып қойған", – дейді Бекбау.
Қахраманмараш қаласында күн қатты суытып кеткенін айтқан журналист жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға жылытқыш құралдары, кемпинг көрпелері мен электр плиталары қажет екенін жеткізді.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда жер сілкінісі салдарынан көз жұмғандар саны 30 мыңға жуықтады. Қазір елде іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
