Жынысын ауыстырған актрисаны кеденшілер Дубайға кіргізбей қойды
Канадалық жынысын ауыстырған актриса әрі модель Джиджи Горджеості (Gigi Gorgeous) Дубай әуежайындағы кедендік бақылау қызметі қалаға жібермей қойған. Оған себеп актрисаның жынысына жасалған ота,-деп жазды Daily Mail.
24 жастағы модель желідегі парақшасында барлық құжаттарын көрсетіп, әуежайдағы көші-қон қызметінің жұмысына шағымданған.
«Мен трансгендер болғандықтан қалаға кіруіме болмайды екен»,-дейді Джиджи.
Актриса әуежайдағы кеден қызметі өзін бес сағат бойы ұстап, сұраққа алып, әуреге салғанын жазған.
Дубай әуежайының қызметкерлерінің ақпаратынша актрисаның құжаттағы есімі мен суреті жігіт кезіндегі. Олар қалада жігіттердің әйел болып киініп жүруіне қатаң тыйым салынғанын айтады. Заң бұзушы ұсталса бір жылға қамауға алынады екен.
Талқылау